Digital Business редакциясы Astana Hub-пен бірлесіп «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасын жүргізіп жатыр.

Бұл – қазақстандық кәсіпкерлер мен Astana Hub бағдарламаларына қатысушы шетелдіктердің теңдессіз өнімдері мен сервистері жайлы жарқын оқиғалар.

Жоба үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығады және Astana Hub қолдауымен біздің кейіпкерлеріміз үшін тегін болады. Егер сіз де жобаның қатысушысы болғыңыз келсе – бізге жазыңыз editor@digitalbusiness.kz

Digital Business редакциясы Astana Hub-пен бірлесіп «Қазақстанның 100 стартап тарихы» жобасын жүргізіп жатыр.

Бұл – қазақстандық кәсіпкерлер мен Astana Hub бағдарламаларына қатысушы шетелдіктердің теңдессіз өнімдері мен сервистері жайлы жарқын оқиғалар.

Біз аталған стартаптардың бірі міндетті түрде unicorn болып, Қазақстанды әлемдік IT-нарықта танымал етеді деп сенеміз. Сондай-ақ, түрлі кәсіпкердің бір жерде жиналған тәжірибесі аудиторияны жаңа, батыл және креативті стартаптар бастауға шабыттандырады деген үміттеміз.

Жоба үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығады және Astana Hub қолдауымен біздің кейіпкерлеріміз үшін тегін болады. Егер сіз де жобаның қатысушысы болғыңыз келсе – бізге жазыңыз editor@digitalbusiness.kz

100 startups
SoBes
Алматылық жігіттер рекрутерлердің күнделікті қайтаналатын жұмысын орындайтын стартапты іске қосты. Ол қалай жұмыс істейді
Әкежан Омаров небәрі 21 жаста. Соған қарамастан, бизнесте жүргеніне көп болды. Жігіт 10-сыныпта маркетинг агенттігіне жұмысқа тұрды. Кейін Оскар Хартманн, Нұрлан Смағұлов, Евгений Черняк және басқа да танымал кәсіпкерлер қатысқан «За Рамки» антимотивациялық форум ұйымдастырды. Сонымен қатар, достарымен бірге аз уақыттың ішінде 13 мың ақылы қолданушы жинай алған білім беру курстары бар мобильді қосымша жасады, […]
100 startups
CheckAuto
“Жаман” машина сатып алып, ұрынып қалмау үшін не істеу керек? Автокөлік таңдап беретін қазақстандық стартап-компания бас директорының жауабы
CheckAuto стартапы автокөлікті сатып алмастан бұрын оның шын тарихын білуге болатын құрал ойлап тапты.
100 startups
Relog
Бизнеске аз ақша жұмсап, көбірек табуға көмектеседі. Relog стартапы логистика туралы ойды қалай өзгертіп жатыр
«Жеткізу қызметін оңтайландырудан қара белбеуім бар», – Relog стартапының негізін қалаушы және бас директоры Бауыржан Рүстемов өзі туралы осылай дейді. Тасымалды автоматтандыру жобасы бизнеске тауар жеткізу уақытын қысқартып, көлік шығынын үнемдеуге көмектеседі. Стартап қазірдің өзінде $20 млн-ға бағаланып, Тимур Турлов пен Марғұлан Сейсенбайдан инвестиция тартты. Relog жұмыс істейтін компанияның қоржыны қомақты: Coca-Cola, Sulpak, Metro, Johnson […]
100 startups
Aqyl Battle
«Бұл ойынды кептелісте тұрғанда, тойда, жалпы барлық жерде ойнайды». Қазақстандық азамат халық арасында хитке айналған Aqyl Battle ойынын қалай құрды
Қазақша зияткерлік ойыннан бұрын Айболат Құлатай серіктесімен бірге мобильді қосымша әзірлейтін аутсорс-компанияның жұмысын жүргізді. Ал Қаңтар оқиғасынан кейін кофаундер стартаппен айналысамын деп шешті. Оның жұмысы жоспарланғандай бір ай емес, жарты жылға созылғанына қарамастан, ойын жарыққа шыққаннан-ақ табыс әкеле бастады. Digital Business-тің Astana Hub-пен бірлескен «Қазақстандағы 100 стартап» жобасы аясында берген сұхбатында Айболат Құлатай қолданушылар неге […]
100 startups
Cleek
Cleek стартапы жалдамалы жұмысшылардың жұмыс іздеуін жеңілдетіп, енді қазақстандықтарды Еуропа мен АҚШ-қа жібергісі келеді
Cleek — бұл жалдамалы қызметкерлерге арналған жұмыс іздеу сервисі. Стартап Қазақстанда 2022 жылдан бері жұмыс істейді және қазірдің өзінде 170 мыңнан астам үміткер мен 2,5 мыңнан астам жұмыс берушіні бір-бірімен байланыстырды. Алдағы уақытта жоба жаңа бағытты қолға алып, азаматтарымыздың шетелде жұмысқа орналасуын ашық әрі қауіпсіз етуді көздеп отыр. Команда өнімді іске қосқан кезде қандай қиындықтарға […]
100 startups
Smart Zebra
Сіздің де балаңыз сағаттап смартфон көріп отыра ма? Қазақстанда балалардың гаджетке тәуелділігін жеңетін стартап ойлап шығарылды
Ерлі-зайыпты Бағлан Аязбаев пен Лана Диқаншиева екі жылдан бері Smart Zebra (бұрынғы OILA) балаларға арналған білім беру қосымшасымен айналысып жатыр.
100 startups
Python RPA
«3 адам бір жыл бойы істейтін жұмысты робот бір айда орындап шықты». Қазақстандық стартап күнделікті бизнес-тапсырмаларды автоматтандырады
Python RPA — күнделікті бизнес-тапсырмаларды автоматтандыруға арналған платформаның Орталық Азиядағы жалғыз өндірушісі. Компания BI Group, Отбасы банк, Air Astana және RG Brands үшін робот-көмекшілерді әзірлейді. Олар қайталанатын бухгалтерлік есеп пен HR тапсырмаларын дәл, уақытында және аптасына жеті күн демалыссыз орындауға көмектеседі. Осылайша бизнес тәуекелді азайтады. Робот шаршамайды және қателеспейді, яғни компанияға тіркелмеген келісімшарт немесе төленбеген […]
100 startups
Upgrade Business
«Пәтер алу үшін жинаған 8 млн теңгені салдым». Алматы тұрғыны IT-стартапқа бола табысты бизнестен бас тартты
Аблай Юсупов Almaty Management University-де маркетолог мамандығын оқып жүрген кезінен кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Әуелі достарымен бірге Queex вайн-жобасын (күлкілі қысқа видеолар түсірді) жүргізді, одан кейін тіл үйрету орталығын дамытумен айналысты. Ал университет бітірген соң маркетинг, менеджмент және SMM үйрететін Upgrade School мектебін ашты. Уақыт өте келе оны бірнеше рет өзгертіп, IT-стартапқа, яғни пайдаланушылар түрлі саладағы […]
100 startups
Sezim
«Жобаға 70 миллион теңге салдым». Алматылық азамат психолог таңдауға көмектесетін стартап құрды
Колледжді бітірген соң, Алан Ибраим «Маркетинг» мамандығы бойынша университетке түсті. Рас, оқуын аяқтай алмады. Кенеттен әкесі дүние салып, үй шаруасындағы анасы мен екі қарындасына қамқор болу үшін жұмысқа кірді. 18 жасында Sakura Motors компаниясында маркетологтың көмекшісі болды. Аланның маркетинг саласындағы мансабы осылай басталып, ол 22 жылдан бері осы іспен айналысып келеді. Осы уақыттың ішінде ер […]
100 startups
Mystory
Кез келген қазақстандық азамат кітаптың кейіпкері бола алады. Кітапты жасанды интеллект жазады
Жігіттер жасанды интеллектің көмегімен қағаз кітап басып шығару идеясын ойлап тапты, онда кез келген адам оқиғаның басты кейіпкері бола алады!
100 startups
Goat Chat
Қазақстандықтар АҚШ-та чат-ботты іске қосып, AI-ді қолданатын ең табысты 10 қосымшаның қатарына енді. Олар бұған қалай қол жеткізді?
GoatChat.ai әдеттегі стартап емес. Ол көзге көрінетін мәселені шешпейді, бірақ алғашқы айдан-ақ әртүрлі елде App Store-дан ең көп жүктелген қосымшалардың қатарында болып, табыс әкеле бастады. GoatChat қосымшасы Chat GPT-ге ұқсас үлкен тілдік модельдер (LLM) негізінде жұмыс істейді. Бұл цифрлық көшірме, сурет, әңгіме және т.б. шығаруға мүмкіндік береді. АҚШ-та компания ашпастан бұрын стартаптың негізін қалаушылар IT-аутсорста […]
100 startups
Networks Energy
Бұл стартап Қазақстандағы темір жол жүк тасымалының 95%-ын цифрландырған сервис құрды. Networks Energy хикаясы
Отандық Networks Energy стартапы Қазақстандағы темір жол жүк тасымалын түгелдей дерлік цифрландырған сервис құрды. Осы шешімнің арқасында компаниялар А нүктесінен Б нүктесіне тауар жөнелту үшін сұралатын бір бума құжат жинау машақатынан арылды. Деректерді жүйеге енгізсе жеткілікті, ол керек жол-тауар құжаттарын дайындап, тасымал құнын есептеп береді. Сервис қалай жұмыс істейді және жүк тасымалы нарығының тағы қандай […]
100 startups
qMeta
Виртуал 3D-пәтерлер Қазақстанда кімге керек? qMeta стартапы пәтердің виртуал-үлгісін жасау арқылы ақша табуды ойлап тапты
Мәди Медет командасымен бірге Қазақстанда құрылыс компаниялары үшін көппәтерлі үйлердің шынайы 3D-моделін құрастыратын qMeta стартапын әзірлеп жатыр.
100 startups
Qalan.kz
Мұғалім мен бағдарламашы мектеп оқушыларына математиканы үйренуге және одан ақша табуға көмектесетін стартап ойлап тапты
Qalan.kz – математиканы қазақ және орыс тілдерінде оқытуға арналған сервис. Онлайн платформада мектеп оқушылары есептерді AI негізіндегі чат-бот пен мұғалімдердің көмегімен шешеді. Тапсырманы сәтті орындағаны үшін оқушылар ақшалай сыйлық алады. Жоба қазір бірнеше елде жұмыс істейді және 325 мыңнан астам адамды қамтиды. Оны құрастырған – мектеп мұғалімі Асқар Болат пен бағдарламашы Қуаныш Нәбиев. Digital Business […]
100 startups
TrustContract
Бұрынғы мемлекеттік қызметкер SMS-тің көмегімен келісім-шартқа онлайн қол қоюға мүмкіндік беретін стартапты іске қосты
Шыңғыс Дәулетбаев мектепте оқып жүрген кезінде дәрігер болғысы келген. Алайда хирург әкесінің 3 сағат бойы науқасқа ота жасайтынын көріп, бұл мамандыққа денсаулығы жарамайтынын түсінді (жігіт сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан). Сөйтіп Шыңғыс Қазақ-Британ техникалық университетіне «Менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқумен қатар бизнеспен айналыса бастады, ағасына құрылыс материалын сатып алуға көмектесті. Содан кейін IT-компания ашты, мемлекеттік […]
100 startups
Smartestprep
«Оқушыларымыздың шамамен 87%-ы толық немесе жартылай грантқа түсіп жатыр». Қазақстандық келіншек шетелдік университеттерге түсуге көмектесетін платформа құрды
Лаура Вайгорованы шетелде оқуды таңдауға сингапурлық жігіттер шабыттандырды. «Ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейсің. Біздің университеттердің біріне түсуге көмектесеміз», — деп еске алады ол жаңа таныстарының сөзін. Осылайша, Лаура Йель университетінің Сингапурдағы филиалы Yale University College студенті атанды. Бірақ ол кезде қыз кәмелетке толмағандықтан, оған қамқоршы табылмаған соң оқи алмады. Нәтижесінде Лаура Назарбаев университетіне түсіп, екі […]
100 startups
ZebraEye
Қазақстандық азаматтар нейрожеліге сирек кездесетін көз ауруларын анықтауды үйретті. Ол мыңдаған қате диагнозды жоя алады
ZebraEye – бұл AI көмегімен жұмыс істейтін бұлттық шешім, ол дәрігерлерге медициналық түсірілімді пайдалана отырып, сирек кездесетін көз ауруларының диагностикасын жасауға көмектеседі. Стартаптың құрылғанына небәрі жарты жыл болса да, оның командасы қазақстандық клиникалармен алғашқы келісім-шарттар жасап жатыр. Жобаның негізін қалаушылар, оның ішінде Cerebra бас директоры Досжан Жүсіпов АҚШ нарығына шыққысы келеді және pre-seed кезеңіне дайындалып […]
100 startups
WhoockAI
Қазақстандық стартап IT-компаниядағы бағдарлама әзірлеушілерді оңай алмастыратын AI-бот жасап шығарды
18 жастағы Арсен Қылышбектің жасанды интеллектке негізделген жеке стартапы бар. WhoockAI — IT-компанияларға жас  IT-әзірлеушілерді жасанды интеллектке алмастыруды ұсынады.
Загрузить еще loader